Central AsianResearch Index

Синтаксистік синтагманың грамматикалық статусы

Мақалада синтагма мәселесі фонетика, лексика, семантика, интонациямен байланысты зерттелгені анықталып, ғалымдардың синтагманы фонетикалық бірлік, семантикалық-интонациялық бірлік, көп компонентті синтагма, бір компонентті синтагма, лексикалық синтагматика, синтаксистік синтагматика түрінде әртүрлі жіктегені, оның ғылыми айналымда бір жүйеге түспегені көрсетіліп, синтагманың аталған салалармен байланысын айқындайтын тілдік бірлік сөйлем деп танылады. Сөйлем сөйлеу ағымына түскен сөздердің байланысуынан қалыптасатын, ал синтагма сөйлем ішінде байланысқа түскен сөздердің мәні мен мағынасын анықтайтын, ой-пікірді жеткізуге қызмет атқаратын синтаксистік категория ретінде талданады. Нәтижесінде синтаксистік синтагма термині ұсынылады. Синтаксистік синтагма тілдің құрылымдық, семантикалық, интонациялық, коммуникативтік жүйесімен тығыз байланыста жұмсалатын грамматикалық статусқа ие категорияға жатады. Сөйлем ішінде өзара байланысқан сөздер мен оларды байланыстырушы тілдік бірліктердің қызметіне талдау жасау барысында синтаксистік синтагма мен тілдің құрылымдық жүйесі арасында байланыс орнайтыны дәлелденеді. Синтаксистік синтагма құрамындағы сөздердің семантикалық жақтан үйлесім табу жолдары лексикалық мағынаның семантикалық өрісімен байланысты қарастырылады. Интонация мен синтаксистік синтагманы байланыстыруға интонациялық кідіріс пен ұласпалы интонация негіз болатыны көрсетіледі. Коммуникация мен синтагманың байланысы ақпараттық мағыналарды анықтауда көрініс табады. Әрбір синтагма белгілі бір ақпарат жеткізу қызметіне ие екені жан-жақты талданады. Нәтижесінде синтагма құрамындағы сөздердің, қосымшалардың қызметіне талдау жасалады. Синтаксистік синтагма сөйлеу ағымындағы сөздердің байланысынан туындайтын грамматикалық категория ретінде қарастырылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 5, № 3, С. 123-135
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University