Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау
ХХ ғасырға дейінгі Қазақ тарихының билік жүйесі тарихында маңызды орын алған, қолданыста болған мөрлерді келесідей топтастыруға, жүйелеуге болады: археографиялық таңбалары бар мөрлер; өрнектері, кескіндемелік белгісі бар мөрлер; портреттік бейнесі бар мөрлер; елтаңбалық белгісі бар мөрлер; иесінің аты жазылмаған таңбалары бар мөрлер; иесінің аты жазылған таңбалы мөрлер; иесінің аты жазылмаған өрнектелген мөрлер; иесінің аты жазылып өрнектелген мөрлер. Қазақтың хан, сұлтандары мөрлерін жүзік түрінде соқтырғанымен, күнделікті қолдарына тағып жүрмеген, құжаттарды куәландырған кезде тұғырын саусаққа «айнатеріс» тәсілімен, яғни сүйір келетін басын жоғары қаратып киіп («құсмұрын» жүзіктің тағылуынан теріс) немесе тұғырынан қолға ұстап басқан. Ал, би, бай, болыс, тархан, батыр, старшындар мөрлері дөңгелек, дөңес, төртбұрыш, тасты болып келген, егер олардың қолында мөр болмаса, руының таңбасын сызып, қолын қуәландырған. Хан, сұлтандардың жүзікті мөрінің қалыбы, яғни бейнесі, әскер байрағы басына қондырылған байрақ басының бейнесіне сәйкес келген. Байрақ басы да, мөр де – билік атрибуты. Екі билік атрибутының да басының жоғары қарай «құсмұрын» типінде сүйір болып келуі, билік атрибутының дәстүрлі ортада танылған жүйесі болғанын дәлелдейді. Қазақ хан, сұлтандарының түпнұсқа мөрлері, отаршылдық әсерінен сақталмаған. Авторлар мөр реконструкциясын жасау, мөр бетіндегі символдар құпиясын ашу тәжірибесімен бөліседі.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2023 · Т. 5, № 2, С. 67-92
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University