Әлихан Бөкейхан аудармаларының этномәдени ерекшеліктері
Мақалада Ә. Бөкейхан аудармаларының негізгі тілдік ерекшеліктері қарастырылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлының алғашқы аударма үлгілері мен ХХ ғасыр басындағы Ә.Бөкейхан аудармаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары негізінде аудармадағы сабақтастық, дәстүр жалғастығы көрсетіледі. Қыр баласы (Ә. Бөкейханның псевдонимы) аудармаларының жалпы сипаты мен өзіне тән этномәдени ерекшеліктері айқындалады. Оныңресми аудармаларындағы орысша сөздердің орнына қолданған қазақ дүниетанымына тән атаулардың берілу уәжі дәлелденеді. Аудармашы қаламынан туған мәтіндерді түпнұсқасымен салыстыра талдау арқылы оның аударма түрі мен аудару әдісін таңдау себептері анықталады. Шығармашыл тұлғаның сол әдісті таңдауына себеп болған түпкі мақсаты мен көздеген мүддесіне сәйкес аудармадағы шығармашылық еркіндігінің сыры, тәржімешілік тәжірибесінің табиғаты ашылады. Ә. Бөкейхан мен А. Байтұрсынұлының және ХХ ғасыр басында аудармамен айналысқан замандас қаламгерлердің орыс тіліндегі әдебиеттерді аударудағы ортақ ұстанымы, олардың отандық аударматанудың арнаулы сала, мамандық ретінде қалыптасуына қосқан үлесі бір-бірімен тығыз байланыста сөз болады. Сөйтіп қазақ аударма ісі тарихының ХХ ғасыр басындағы жай-күйі, кезеңдік сипаты дәл сол уақытта аудармамен жүйелі түрде айналысып, өнімді еңбек еткен алаш зиялыларының көрнекті өкілі Ә. Бөкейхан аудармалары негізінде талданып-таразыланады. Әлиханның аудармадағы Ыбырай, Абай дәстүрін жалғастырумен қатар оны жаңа сатыға көтеріп, дамытқан, отандық аударматануда өзіндік орны бар шығармашыл тұлға екендігі көптеген тілдік дерек пен ол таңдаған, тәржіме барысында пайдаланған аударма тәсілдері арқылы дәлелденеді.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2023 · Т. 5, № 2, С. 122-137
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University