Central AsianResearch Index

«Сайқал» есімінің түркі тілдеріндегі мағынасы мен шығу тегі

Түркі халықтарында кісі есімі ерекше мәнге ие. Адам баласының болашағына есімі тікелей әсер етеді деген сенім бар. Сол себепті жаңа туған нәрестеге есім таңдау кезінде отбасы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Кісі есімдері арқылы халық мәдениетінің, сенімінің, дәстүрінің іздерін саралауға болады. Тілдегі әрбір онимдік бірлік – халық санасының көрінісі. Онимдік бірліктер мәдениетаралық коммуникациядамаңызды қызмет атқарады. Антропонимдердің әлеуметтік бағыты жоғары болғандықтан, бір тілдегі антрополексема мағынасының екінші бір тілдегі мағынасы түрлі болуы мүмкін. Мақалада «Сайқал» есімінің түркі тілдеріндегі мағыналары мен атау берудегі уәжі айқындалады, ол есімге негіз болған антропонимдік және апелятивтік мағыналар анықталып, салыстырылады. «Сайқал» антропонимінің басқа түркі тілдеріндегі қолдану ерекшеліктері, мағынасы және түп-төркіні сараланады.Қазіргі және тарихи тілдік деректер негізінде «сайқал» сөзінің антропонимге транформациялануы мен оң және теріс мәнде қолданылуының үлгілері айқындалады. «Сайқалдың» қазіргі қазақ тіліндегі беретін ұғымы теріс мәнді білдірсе, қырғыз тілінде «батыр қыз» деген ұғымды білдіретін антропоним ретінде қыз балаға беріледі. Бір сөздің түбі бір түркі тілдерінде қарама-қарсы мағыналарда қолданылуына түрлі тарихи-мәдени факторлар әсер етуі мүмкін. Бір тілдегі антропонимніңбасқа туыстас тілдердегі қолданыстарын салыстыра зерттеу арқылы жалпытүркілік антропонимдер жүйесі, тарихы және жеке сөздердің антропоним ретіндегі қызметі жайлы тың деректерді анықтауға болады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 5, № 1, С. 119-130
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University