Central AsianResearch Index

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасында Жаратушының жырлануы Turkic Studies JournalJournal homepage: www.tsj.enu.kzTurkic Studies Journal 4 (2022) 63-77*

Түркі халықтарының ислам дінін қабылдауы Қарахандар дәуірінің әдеби ескерткіштеріне кеңінен көрініс тапты. Исламның кейбір құндылығын айшықтайтын сондай ескерткіштердің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі». Сол дәуірде әдебиетке арқау болған дін тақырыбы, оның әдеби үдеріспен байланысы түркі халықтарының әдебиеттану ғылымында өзекті әрі маңызды екенін Р.Р.Арат, С.М.Арсал, И.Кафесоглу, А.Инан, А.Ділашар, А.Б.Ержиласун, Р.Данкофф, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, А.Егеубаев, С.Екер, Х.Касапоглу, Г.Құрманғалиева, Г.Канашаева және т.б. ғалымдардың зерт-теулері дәлелдейді. Бұл мақалада Жүсіп Баласұнның «Құтадғу білік» шығармасындағы Жаратушы Тәңір бейнесі қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде ескерткіштің Ферғана нұсқасының факсимилесі мен оның Р.Р.Арат дайындаған транскрипциясы қолданылады. Зерттеу барысында 33 бәйітқарастырылса, оның он төрті үлгі ретінде беріледі. Діни сөздердің мағы-насы жан-жақты ашылып, Құран мәтінімен салыстырылады. Мақалада діни терминдердің қолданылу жиілігін анықтау үшін сандық талдау әдісі қолданылады. Талдау қорытындысында Ж.Баласағұн араб немесе парсы сөздерінің орнына көне түркі діни терминдерінің баламасын қолдануды жөн көреді деген тұжырымға келеді. Қол жеткізген нәтижелер Ж.Баласағұнның діни танымының тереңдігі мен ақындық шеберлігін танытады

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 4, № 4, С. 63
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University
Аффилиации
Ankara Hacı Bayram Veli University
Baskent University