Жыраулар поэтикасындағы «шынайы адам» концептісі
Жыраулар – ауызша эпикалық дәстүрді жасаушы және таратушы ерекшеөнер иелері. Ауызша эпикалық дәстүр көне Грекияда, Арабияда, түркіхалықтарында, ал XX ғасырдың 40-50 жылдарына дейін Албания, Югославия,Болгария, Македония елдерінде сақталып келді. Жыраулық дәстүрдің бастыерекшелігі – оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап жеткізілетіндігінде жәнежырдың қағазға жазылмай, ауызша шығарылатындығында. Жыраулықдәстүр тудырған ғалам бейнесі өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы, туғанжер сияқты жалпы адамзатқа ортақ ұғым-түсініктерге және толықадам, дүниенің жаратылуы, атамекен сияқты ұлттық танымға қатыстыконцептілер арқылы анықталады.Мақала қазақ жырауларының, атап айтқанда, Батыс Қазақстанныңкөптеген жырауларының шығармашылығындағы сопылық ілімді түсінугеарналған. Авторлар сопылық ілімде адамзаттың рухани-адамгершілікдамуы мен мәдени және интеллектуалдық дамуындағы рөлін ашатынжүйелі зерттеулер әлі де жоқтың қасы екенін атап көрсетеді. Авторларсілтеме жасаған еуропалық ғалымдардың арасында суфизмнің жағымсызжақтары туралы өте қарама-қайшы пікірлер бар.Авторлар «камили инсан» ұғымы сопылық ілімнің негізгі мәнінің бірі,адамның рухани тазаруы, аскетизм, материалдық құндылықтардан бастарту арқылы толық адамдық даралыққа жетуі екенін атап көрсетеді.Сонымен қатар, мақалада сопылық ілімнің зікір, пікір ету, шүкір ету,тәубаға келу, тағлым, иман сынды басқа да мәнді ұғымдары философиялық,теологиялық, тарихи-мәдени мағыналық талдауға ұшырайды. Бұл талдауғажырау-ақындардың поэтикалық мәтіндері көрнекі материал болды.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2022 · Т. 4, № 2, С. 72-85
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University