Мәмлүк-қыпшақ ескерткіштеріндегі араб тіліне енген түркі сөздері
Мәмлүк мемлекеті – XIII-XVI ғасырларда Мысыр мен Сирия жерін мекендеп билік жүргізген, көбіне қыпшақтардан құралған жауынгер-құлдар басқарған ел. «Мәмлүк» сөзі араб тіліндегі مملوك [mamluk] – иелену, билеу; «ақ құл» деген мағыналарды білдіреді. Бастапқыда әскери қызметтерде болған бұл құлдар, уақыт өте келе Мысыр мен Шaм елінің негізгі әскери құрылымынa aйнaлып, aймaқтaғы мұсылмaн мемлекеттерінің сaяси өміріне ықпaл етіп, aқырындa әскери және сaяси жүйедегі бaсты күшке aйнaлaды. Халқының көп бөлігі арабтар бола тұра, бұл мемлекетті түркілер басқарды. Олар өз ана тілдерінде сөйлеп, басқару биліктерін қыпшақ тілінде жүргізді. Мысыр елінде мәмлүктер билігінің үстемдігі күшті болғаны соншалықты, арабтар түркі тілін, яғни қыпшақ тілін үйрене бастады. Қыпшақ тілін оқып үйрену мақсатымен бұл тілге қатысты екі тілді (арабша-қыпшақша) әрі грамматикалық оқу құралы, әрі сөздік есебінде қолжазбалар дайындалды. Бұл қолжазбалар түркі тілінің тарихын, түркі тілінің сөздік қорын, түркі тілінің оқыту әдістемесін зерттеу үшін маңызды болып табылады. Қарастырып отырған мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштердің сөздік бөлімінде дәстүрлі түрде алдымен араб сөздері, содан соң олардың түркі тілдеріндегі баламалары көрсетілген. Кей жағдайларда арабша реестр басы парсы, түркі және арамей сияқты тілдерден енген сөздермен берілген. Мұндай қолжазбаларды дайындау кезінде әрқашан классикалық араб тілі емес, сол кезеңдегі ауызекі араб тілі де қолданылған. Сол дәуірдегі ауызекі араб тілінде әр түрлі мәдениеттер мен түрлі тілдерден енген сөздер көптеп кездеседі. Зерттеу мақаламызда мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған арабша-қыпшақша сөздіктердегі реестр басындағы кейбір арабша сөздердің шығу тегі жағынан түркі сөздері екендігі анықталып, қазіргі араб диалектілеріндегі қолданыс жағдайы мен араб мәдениетіндегі орны айқындалды.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2022 · Т. 3, № 4, С. 52-60
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 2
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University