Central AsianResearch Index

Қазақ тілінің түркілік сабақтастығы

Заманалар тоғысында, егемендікке қол жеткен бүгінгі таңда бүкіл тарихи-рухани тәжірибені қорытып, ел игілігіне қолдану – ұлттық сана мен таным көкжиегін кеңейтіпкеле жатқан өрісті үрдіс. Осымен байланысты көне түркі ескерткіштерінің тілдік деректері –тіл арқылы сақталған ұлттық танымның көне дәуірдегі тілдік негіздері мен тарихи күре тамырларынзерттеу мен зерделеудің қайнар көзі. Соған орай көне тілдік деректер қазіргі қазақ тіліне дейінұласқан даму барысының үзілмес желісі іспетті. Бағзы заманнан бастау алып, тасқа қашалған,түркі жұртының санасына сіңіп бүгінге жалғасқан көне сөздердің тарихи даму, өзгеру сырынашып, зерттеу нәтижелері тіл тарихының ұлт тарихынан ұзақ екенін негіздеген, қазақ тілінің«жаңа» топқа жатпайтынын нақты дәйектеген түркітанушы ғалымдардың бірі, филологияғылымдарының докторы, профессор Ғ.Айдаровтың зерттеулеріндегі ғылыми тұжырымдарынқазіргі түркітану деңгейінен тану – аса өзекті. Профессор қазақ түркітануында көне түркіжәне көне ұйғыр тілдерінің гетерогенді лингвистикалық жүйесін, көне тілдердің графикалық,фонетикалық-фонологиялық, лексикалық, морфемиялық-туынды және грамматикалықдеңгейлерін зерттеп, олардың ерекшеліктерін қазіргі түркі тілдерімен, оның ішінде қазақтілімен алғашқылардың бірі болып байланыстыра зерттеді. Мақала түркі сөзінің құрылымдықонтологиясы (моносиллабикалық және түрік прото-түбірінің басқа модельдері) жан-жақтықарастырылып, осы мәселені зерттеуге Ғ.Айдаровтың баға жетпес үлес қосқаны баяндалады.Сонымен қатар мақалада Ғ.Айдаровтың жолын жалғаған ғалымдардың ежелгі түркі тілдерінзерттеуде антропоцентристік әдісті белсенді түрде қолданғандығына назар аударылып, мұның өзітүркі әлемінің тарихи дамуын түсіну үшін зор маңыз атқаратын ежелгі түркі халықтарыныңәлемі мен менталитеті туралы білімнің жаңа өрістерін ашуға мүмкіндік беретіні дәйектеледі.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 3, С. 47-54
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University