Central AsianResearch Index

Әлішер Науаидің «Мухәкәмәтул-луғәтәйн» шығармасының түркітану саласындағы маңызы

Әлішер Науаи шығармаларының түркі халықтары әдебиетінде алар орныерекше. Жазған дүниелерінің көлемі жағынан бір емес, бірнеше ақынды орап түсетін шайырзаманында түркі халықтары арасында алғаш рет «Хамса» дәстүрін енгізгендігімен ерекшеленеді.Оның әдеби, тарихи, тілдік және тәзкирә-мемуарлық туындылары кейінгі ақындардыңшығармашылығына қатты әсер еткен. Сондай шығармаларының бірі - «Мухәкәмәтул-луғәтәйн»(«Екі тіл туралы пікір»). Екі тілдің грамматикалық ерекшелігі мен поэтикалық қуатын зерделегенНауаи осы туындысы арқылы түркі әдеби тілінің парсыдан ешбір кем түспейтіндігін ғылымитүрде негіздеген. Түркі тілінің бай сөздік қорын нақты мысалдармен ашып көрсеткен. Әсіресе,парсы тілінде кездеспейтін жүз етістікті атап, кейбіріне өлең жолдарымен мысал келтірген.Сол жәдігерде кездесетін көне атаулар мен жүз етістіктің басым бөлігі бүгінгі қазақ тіліндеде кеңінен қолданылады. Автор осы мақаласы арқылы Науаидің «Мухәкәмәтул-луғәтәйн»шығармасының түркітану саласындағы маңызын саралап береді. Сондай-ақ, осы жәдігердіңбүгінге дейін жеткен қолжазбалары туралы да қысқаша мәлімет ұсынып, сол нұсқалардыңерекшелігіне тоқталады. Бұл жәдігердің алғашқы басылымдары мен кейінгі кездерде зерттелуітуралы да автор өз ойларымен бөліскен. Зерттеу нысанына Фатих қолжазбасы алынып, кейбіртүркі сөздерінің қолданылу ерекшелігі нақты мысалдармен берілген. Заманында екі тілде қатарқалам тербеген (зул-лисәнәйн) Науаидің бұл шығармасында көтерілген кейбір мәселелер қазірде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Орта ғасырларда араб, парсы және түркі тілдері өзара бәсекегетүссе, бүгінгі жаһандану заманында ағылшын, орыс және қазақ тілдерінің қазақ қоғамындағықолданылу аясы тағы көтеріліп отыр. Осының өзі-ақ Науаи шығармасын зерттеп-зерделеудіңөзектілігін көрсетсе керек.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 3, С. 37-46
Язык
Казахский
Цитирований
2
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University