«Тотынама» және оның өзбек әдебиетіндегі нұсқалары
Әлем әдебиетіндегі ең танымал әрі көп нұсқалы шығармалардың бірі –«Тотынама» әлі күнге дейін зерттеліп-зерделенуден кенде қалған емес. Барлық елдергетараған әйгілі туындының әр кезеңдегі авторлары да жеткілікті. Дүние жүзінің сөз өнеріндеерекше мойындалған, көркемдік деңгейі жоғары Зияуддин Нахшаби «Тотынамасы» кейінгі«Тотынамаларға» берік негіз қалады. Соны өз тіліне аударып, өңдеп-жөндеген қаламгерлереңбегінің арқасында бірнеше жаңа нұсқалар өмірге келді. Шығыс шайырларынан үлгі алғанкітаби ақындардың бесігіне айналған Орталық Азияға да осы Нахшаби нұсқасы кеңінен тарады.Аталған аймақтағы мемлекеттер ішінде «Тотынаманың» көне қолжазбаларын сақтап, халықмұрасын тиімді пайдаланған Өзбекстанның орны бөлек. Сонымен қатар, осы елдің әдебиетіндеНахшаби шығармасынан тамыр тартып, «Тотынама» атауын иеленген тұтас шығармалар пайдаболды. Латифидің проза, Хиромидің поэзия жанрында туындатқан «Тотынамалары» өзбекәдебиетінің шоқтығын көтеріп тұрған қастерлі құндылықтар екені анық. Бұл мақала көршілесөзбек еліндегі «Тотынамаға» қатысты мәліметтер мен деректерді жинақтап, осы тақырыпқаорай жүргізілген зерттеулерді сараптап-саралап, ой қорытуға арналған. Автор өзбек жерінетараған «Тотынама» нұсқаларының ерекшеліктері, осы жәдігерліктердің әдеби маңызы менкөркемдік құндылығы жайындағы пікір-пайымдарын ұсынады.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2021 · Т. 3, № 2, С. 84-98
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University