Central AsianResearch Index

Абай поэтологиясы: бейнелілік парадигмасындағы көркем детальдің қызметі

Мақалада поэтология ұғымына берілген теориялық анықтамалар сарапқасалынып, бұл аспектінің қамтитын мәселелері тұжырымдалады. Поэтология терминінің туындықұрылымындағы күллі көркемдік-бейнелілік жүйеге қатыстылығы теоретик ғалымдардыңпікірлері арқылы айқындалады. Түрлі тұжырымды жинақтай келе, поэтологияның көркемдіксана мен көркем шығармашылық табиғатын танытуға негізделген ілім екеніне назараударылады. Осы пікірді негізге ала отырып, Абай суреткерлігінің поэтологиялық кеңістігінкөркем детальдарды бейнелеу қызметі тұрғысынан таныту жүзеге асырылады. Суреткерсанасының шығармашылықтың бастау көзі ретіндегі рөлі, сана, түпсана және түпкі ойдыңшығармашылық процестегі қызметі, эстетикалық қабылдау, ассоциациялы ойлау мәселелеріөлең мәтініне талдау жасау барысында түсіндіріледі. Көркем детальдың нақты, психологиялықжәне символикалық түрлері кемеңгер ақынның өмір туралы философиялық пайымға құрылғанөлеңдері арқылы көрсетіліп, олардың мән-мағынасы зерделенеді.Абайдың поэтологиялық кеңістігін зерделеу мақсатында бірнеше өлең талдауға нысанболып, мәтін құрылымындағы көркем детальдардың ой мен сезімді бейнелеудегі рөлі,ақынның тың бейнелеулері, өлең мазмұнындағы ұғымдардың мән-мағынасы талқыланып,суреткерлік шеберлік, ақындық таным заманауи әдебиеттанудың талабына сай айқындалады.Абай бұл өлеңдерінде өмірдің өткіншілігі мен мәңгілік ұғымының өлшемдерін шебершендестіреді. Қайырылмайтын «бұлдыр заман», «көк тұман» келер заман, жаз сайлардагулеп, күзде өлетін «тотықұс түсті көбелек», өмірдің өтетінін білдіретін, әр күніңді ұрлайтын«сағаттың шықылдағы», бәрі өзгерсе де «өзгермейтін бір Тәңір», ақыл мен рухты әйгілейтін«мен», тіршілік тұрпатын, тән сипатын танытатын «менікі» бейнелеулері арқылы өзіндік,дара поэтологиялық кеңістікті түзетіні талданып, тұжырымдалады. Ақын өлеңдеріндегі тыңсипатты бейнелеулер түрлі сипаттағы көркем деталь арқылы жасалатыны дәлелденеді.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 2, С. 7-18
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University