Central AsianResearch Index

Енисей қырғыздарының мемлекеттік құрылымы

Бұл мақалада ежелгі қырғыз мемлекеттігінің өмір сүру жағдайларын кешендітүрде қамтып, аталған кезеңдегі тарихи оқиғалар желісін қайта жаңғырту үшін әртүрлідереккөз материалдарын жүйелеуге талпыныс жасалады. Автор қағандар әулеті мен олардыңөкілдеріне сипаттама беріп, көшпенді қоғамның әлеуметтік саты деңгейлерін, вертикалдыжәне горизонталды құрылымдық түзілімдердің өзара әрекеттестігін, Қырғыз қағанатындағыәдет заңының түпкілікті қағидаларын қарастырады. Зерттеуде қырғыздардың билеуші«Ажо» («Ажэ») әулетінің шығу тегі туралы әртүрлі болжамдар көрініс тапқан көне түркіжазба ескерткіштеріне, қытай жылнамаларына, тибет құжаттарына, моңғол шежіресіне жәнеарабтардың географиялық еңбектеріне сілтеме жасалады, сондай-ақ «аз», «аз бұдұн» сөздерініңәрқилы ғалымдар тарапынан түсіндірмесі қырғыз халқы этногенезі контексінде талданады.Бірінші қырғыз қағаны Барысбектің дипломатиялық қызметі, әскери жорықтары мен өлімі,оның Түркі қағанаты билеушілерімен туыстық байланыстары және саяси қарым-қатынастарысипатталады. Қырғыз мемлекетінің жоғары лауазымды тұлғалары – бектер келесі алты топқабөлінді: цзайсяндар (жоғары әкімшілік шен), тұтұқтар (жергілікті жердегі атқамінерлер),бұйрұқтар (орталықтан аймаққа жіберілетін өкілдер), чжаншилер (іс жүргізушілер), чорларнемесе чурлар (әскери титул), тархандар (алым-салық жинаушылар); олардың әрбірі мемлекетбасқаруда өзіне тән міндеттерді атқарды және қағанаттың алдында тұрған ағымдағымәселелерді шешті. Ежелгі қырғыздардың көшпенді социумының тіршілігінде патриархалдықотбасы – «арка кÿн» мен рулық қауым – «аал кÿн» біраз маңызды орын алды. Қырғызмемлекетіндегі әлеуметтік-этностық қанаудың бір көрінісі – тамырын сақ-ғұн дәуірлерінентартатын қыштымдар құрылымы (институты) болды. Қырғыз қоғамында «тöре» деп аталатындәстүрлі әдет құқығының қатаң сақталатын қағидаларына негізделген сот төрелігі жүйесініңалғашқы нышандары ірге тепті.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 2, С. 63-74
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University