Central AsianResearch Index

Басмыл-Қарлұқ қарым-қатынасы контексіндегі Апай-Бөрі одағы (аңыздық деректерді талдау тәжірибесінен)

Қазақ ауызша дәстүрінде сақталған «Апай-Бөрі одағының қалыптасуы»туралы тарихи аңыз Орталық Азия өңірінде IX-XI ғасырларда шығыстан батысқа қарайбағытталған алапат миграциялардан өте нақты мәлімет береді. Біріншіден, аңыздағы «бөрітонды, бөрте атты» жігіттің бейнесінің астарынан Орхон бойындағы ауыр соғыстардан кейінбатысқа қарай жылжыған Көне Түрік қағанаттарының белгілі жауынгер бөлігі Бөрі (қытайжазбаларындағы-Фуле) тайпасын көруге болады.Екіншіден, осы аңызда айтылатын Апай бейнесі, оның қаракесектен туды-мыс делінетінбаласы бізді қарлұқ мәселесіне қарай бастайды. Қазақ және қырғыз этностары құрамындағықаракесектерді біз қарлұқтармен байланыстырамыз.Үшіншіден, батысқа жылжу барысында қарлұқтар ғұндардан босаған кең алқапты алғашигерді де, белгілі дәрежеде ғұн мұрасына ие болды, бұл тәжірибе оларға кейіннен Қараханимпериясын құруға мүмкіндік берді.Төртіншіден, Сібірді мекендеген шорлардың қаракесек құрамында кездесуі қаракесекелінің атасы Болат қожа атында жасырылған деп жорамалдауға болады. Шын мәнінде Болатжәне Қарлұқ (Қаралұқ) бір мағыналы синоним сөздер, екеуі де темірдің жоғары сапалы қаружасайтын түрін білдіреді. Сібірдегі шор аталатын шағын этнос әлі күнге дейін темір ұсталығынөздерінің сакралды дәстүрі ретінде сақтаған.Бесіншіден, қазақ шежіресіндегі Апай-Бөрі одағы туралы әңгіме басмыл-қарлұқ қонысаударуын терең зерттеуге мүмкіндік беретін жақсы дерек деп білеміз. Жоғарыда айтылғандаросы мақалада ашып беріледі.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 2, С. 32-43
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University