Central AsianResearch Index

Тілдік норма vs. әдеби норма мәселелері: ортологиялық талдау

Қазақ әліпбиінің латын негізді графикаға ауысуына байланысты қазақтілінің ортологиялық кодификациясын одан әрі жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналды.Ортология туралы ғылым саласының жүйелі орталықтандырылған негізгі нысанасы норма /тілдік норма / әдеби норма проблемасы екендігі белгілі. Сонымен қатар лингвистикада норма/ тілдік норма / әдеби норма категорияларының нақтылауды қажет ететін, анықталмағантұстары да бар. Осы себепті соңғы жылдары қазақ тіл білімінде ортология мәселелері, соныңішінде орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық нормаларды зерттеуге айрықша көңілбөліне бастады. Ең алдымен онтологиялық категория ретінде норма дегенді анықтау жәнетілдік бірліктердің қолданыстағы үлгілерімен қарым-қатынасы арқылы тілдік норма, әдебинорма дегендердің феноменін түсіндіру, норманың жүйелі сипаттарын одан әрі айқындай түсуқажеттілігі байқалады. Тілдік норма / әдеби норманы біріздендіру және қалыптандыру тілдіпайдаланушылардың тіл мәдениеті деңгейін көтеруге, тіл байлығын толықтыруға, сондай-ақмемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің толыққанды қызмет атқаруын қамтамасыз етуге ықпалетеді. Мақалада норма – тілдік норма – әдеби норма ұғымдарының өзара байланысы жәнеұғымдық айырым белгілері, реттеуіш функция, дәстүрлілік және ішкі динамикалық тәріздінорманы сипаттайтын белгілер талданады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 3, № 2, С. 19-31
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University