Абайтанудың алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік ұстанымдар
Мақалада абайтану ғылымының негізі ХХ ғасырдың басында қаланғаныайтылады. 1909 жылы ақынның алғашқы жинағы Санкт-Петерборда жарық көріп, Алашкөсемдері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы Абай шығармашылығы туралымақалаларын жариялады. Абай мұрасын белсенді түрде зерттеу Кеңес өкіметі орнағаннанкейін, Абайдың өлеңдерінің 1922 жылы Қазан мен Ташкентте басылып шыққан кезіненөріс ашады. Сол жылдары «Абай» журналында, басқа да мерзімді басылымдарда («ҚызылҚазақстан» журналы, «Еңбекші қазақ», «Ақжол» газеттері) Ж.Аймауытовтың, Ә.Сағдидің,Б.Кенжебаевтың мақалалары жарияланды. Сондай-ақ ұлы ақынның туындылары туралыС.Мұқанов, А.Сегізбаев, Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаевтардың зерттеулеріжарық көрді. Баспасөз беттерінде қарама-қайшы әдеби пікірлер өршіді. Олардың бір тобыАбайды ғұлама ақын, кемеңгер ойшыл, данышпан философ ретінде мойындап, биік баға берсе,таптық және пролетарлық мәдениет идеялары ықпалында жүрген екінші топ оны ескі дәуірдің,феодалдық қоғамның, діни қараңғылықтың ақыны деп танып, шығармаларын жосықсыз сынғаұшыратады.Мақалада негізінен 1920 жылдары абайтану төңірегінде өрістеген идеологиялық айтыс-тартыстар қамтылған.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2021 · Т. 3, № 1, С. 66-77
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University