Central AsianResearch Index

Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Үнді сюжеттері

Төл әдебиетімізде сан ғасырлардан тамыр тартатын көне сюжеттерге негізделген шығармаларжеткілікті. Бұл туындыларға өзек болған аңыз-әңгімелердің түп-төркінін жете зерделеген сайын көп нәрсеге қа-ныға түсеміз. Кейбір сюжеттердің сілемдері есте жоқ ескі замандардағы тәмсілдермен сабақтасып жатады. Оныңәуелгі бастауын қайдан алатыны, түрлі кезеңдерде қалай дамығаны, уақыт бедерінде қандай өзгеріске түскені –тиянақты зерттеуді қажет ететін мәселе. Сонымен қатар, ежелгі сюжеттердің біздің дәуіріміздегі баршаға танымалкөркем дүниелерде қай тұрғыдан қолданылғанына, қалайша көрініс тапқанына, қаншалықты шебер бейнеленгені-не назар аударсақ, ізденіс аясы кеңейе түспек. Бұл мақала қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллинніңәйгілі «Көкшетау» поэмасында қолданылған бір сюжеттің түп негізін айқындауға арналған. Автор оның қайнаркөзін Үндістан жерінен бастау алған «Веталаның жиырма бес әңгімесі», «Түнгі жауһар-сырлар» («Жаваһир әл-а-смар»), «Тотынама» сынды әдеби ескерткіштерден іздеп, өзіндік байлам-байыптамаларын ұсынады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 2, № 4, С. 37-46
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University