Central AsianResearch Index

Алтын Орданың мемлекеттік идеологиясы

Алтын Орда дәуірінде Мәңгілік Ел идеясының атауы ресми түрде «МәңгіТәңірінің күші» түрінде болған. Мысалға алсақ, Күйік ханның мөрінде, Арғұн ханның французкоролі Филипке жазған хатында және Алтын Орда ханы Өзбектің елшісін растаған құжаттардағымәтіндер «Мәңгі Тәңірінің күші» сөздерімен басталып отырған. В. Бартольдтің «моңғол» – Шыңғысхан тұсында ғана мемлекет атауы, ал кейін ғана халықтың атауы болды» деген тұжырымы ғылымитұрғыда дұрыс. «Монғол» Шыңғыс хан империясы тұсында этноним емес, политоним болып, им-периялық идеология, яғни мемлекеттік идеология болып қызмет атқарды. Бұл идеологияның атауыжаңадан ойлап табылған жоқ, ол ежелгі түркілердың дүниетанымы негізінде қалыптасқан Түрікқағанатының «Мәңгі Ел» мемлекеттік идеологиясын қабылдап, Шыңғыс ханның империялықидеологиясына айналды. Ал «моңғол» термині де сол «Мәңгі Ел» идеологиясының атауынаншықты.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 2, № 3, С. 70-77
Язык
Казахский
Цитирований
2
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University