Қ.Жұмалиевтің ғылыми мұрасы және әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Мақалада ҚазКССР ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы,профессор Қажым Жұмалиевтің өмірі мен шығармашылығы қазақ әдебиеттану ғылымының дамуыконтексінде алып қарастырылған. Көрнекті ғалымның ұлттық әдебиет тарихын дәуірлеудегі өзіндікұстанымы, әдебиет теориясын жасаудағы концептуалдық көзқарастары, сондай-ақ өнегелі ұстаздыққызметі және оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеудегі зор еңбегі бүгінгі талаптар тұрғысынанжан-жақты талданған. Ірі зерттеушінің өзі айналысқан саладағы ізашар тұлға болғандығы нақтыдеректермен дәлелденіп, оның жеке бас тағдырындағы кеңестік идеология өктемдігінен туындағанкүрделі ауыртпалықтар жөнінде сөз етіледі.Қ.Жұмалиевтің Махамбет Өтемісұлы мен Абай Құнанбайұлы мұрасын зерттеудегі еңбегінеавтор тарапынан ерекше мән беріледі.
Сведения
- Журнал
- Turkic Studies Journal
- Опубликовано
- 2021 · Т. 2, № 2, С. 39-52
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2664-5157 · 2708-7360
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University