Central AsianResearch Index

Фразеологизмдердегі түркі әлемінің тілдік бейнесі

Мақалада түркі әлемінің тілдік бейнесіндегі фразеологизмдердіңмағыналық ерекшеліктері сөз болады. Кез келген түркі тіліндегі фразеологиялыққор – сол ұлт өмірінің айнасы. Мұнда халықтың бүкіл өмір тіршілігі, салты мендәстүрі, құндылықтар жүйесі жинақталған. Түркі тілдес халықтардың танымдықбілім қоры бір бірін толықтырып отырады. Себебі, ортақ құндылықтар дүниесі,стеоретип дағдылар мен мәдени өмір салты және дін ортақтығы о бастағы біртұтасменталдық кеңістікке негізделген. Ал осы тұтастықтың келбеті тілдің кумулятивтікқасиеті арқылы жинақталып, сақталып, түркі халықтарының өткен өміріндегітұрмыс-тіршілігінде мәдени ортақтықтың бар екенін айғақтайды. Бұл ретте түркіфразеологизмдері мен паремияларының лингвомәдениеттанымдық интерпретациясынерекше айтуға болады. Бүгінгі таңдағы түркі фразеологиясының зерттеу аясы жан-жақты, ғылыми нәтижелері антропоөзектік бағытқа негізделген. Бір ұлт – бір тіл.Түркі әлемінің басқа ұлттардан айырмашылықтарын олардың тілдерінде сақталғанбейнелі тіркестердің этномазмұны айқындап бере алады. Этностық мәдениет – ұлттықмәдениеттің ең ежелгі қабаты, бастапқы базисі. Осы қабаттағы салт пен дәстүрлердетүркілер мәдениетінің ортақтығы мен ұқсастығының көрінісі жақсы сақталған.Сондықтан түркі тілдерінің сөздік қорындағы ортақ лексика, ұқсас фразеологизмдер,этнос тарихындағы мәдениремалардың лингвистикалық іздері, әдебиетіміздегі ортақсюжеттер ғылыми талдауды қажет етеді.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 2, № 1, С. 63-71
Язык
Казахский
ISSN
2664-5157 · 2708-7360
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University