Central AsianResearch Index

Сызықтық және сызықтық емес қасиеттерді ескере отырып бұрғылау бағанның тербелістерін модельдеу

Жұмыстың мақсаты - сыртқы жүктемелер мен қоршаған орта факторларының әсерінен қиындаған бұрғылау бағаналары динамикасының сызықтық және сызықты емес математикалық модельдерін және олардың комбинацияларын жасау және талдау. Зерттеу объектісі-қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін қолданылатын жүктелген бұрғылау бағанасының тербелісі. Бұрғылау бағанының тербелістерінің математикалық модельдерінің практикалық маңыздылығы мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде тікелей пайда болатын тербелмелі құбылыстардың толық сипаттамасында және бұрғылау бағанасының геометриялық және механикалық параметрлерінің әсерін, қисықтықтың алдын алу үшін оның тербелістеріне сыртқы жүктемелерді талдауда жатыр.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 148, № 3, С. 114-124
Язык
Казахский
ISSN
3136-3377 · 3136-3385
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University