Central AsianResearch Index

Мұхаммед пайғамбардың мемлекет басқаруындағы ерекшеліктері: Ғылыми мақала

Мақала мазмұны Мұхаммед Пайғамбардың Мәдина қаласына көшуі және сол жерде ислам мемлекетін құру оқиғаларына арналады. Мақалада сол кезеңдегі Пайғамбардың мемлекет құруда және халықты басқарудағы мәселелерді қалай шешкендігі, ислам дінін тарату жолында жасаған жүйелі жұмыстары туралы тарихи деректер келтірілген. Ислам діні келгенінен бері әмбебап бір дін болып, бүкіл адамзат үшін ең соңғы және ең кемел дін ретінде танылды. Соңғы діннің ең соңғы Пайғамбары төзімділік, әділдік, еңбекқорлық, адалдық, шыншылдық, ақылдасу, ынтымақтастық пен мейрімділік қасиеттері бар мықты және әділ бір мемлекет басқарған. Мұхаммед Пайғамбар Меккеден Мәдинаға көшіп етіп келгеннен кейін қаладағы түрлі сенім мен ой-пікірді ұстанатын ағымдармен, түрлі этникалық топтармен барлығына ортақ келісім-шарт жасап, әділетті басқарудың үлгісін көрсете білді. Алла елшісі әруақытта осы келісімге адалдығынан айнымай, барлық міндеттемелері мен шарттарын мүлтіксіз орындаған. Пайғамбардан қалған осы ел басқару үлгісі және бойындағы ел басқаруға тән қадір-қасиеті қазіргі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Сонымен бірге, Пайғамбардың бойындағы ел басқарушылық қасиеттері, Пайғамбардың ислам қағидалары мен демократиялық принциптерге сай құрған жүйесі және мемлекет басқарудағы ерекшеліктері туралы жазылған.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 149, № 4, С. 387-401
Язык
Казахский
ISSN
2616-7255 · 2663-2489 · 3080-1281 · 3080-6895
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University