Философия мен өркениет арақатынасы
Мақалада өркениет пен философияның өзара ықпалдастығы, байланысы, мәдениет пен философияның, мәдениет пен өркениеттің арақатынасы мәселелері зерделенген. Өркениетті адам, кісі, тұлға, әлеуметтік бірегейлік ұғымдары салыстырмалыталданып, өркениетті қоғамның қалыптасуындағы философияның орны айқындалған.Адам – әлемнің жасаушысы. Ғасырлар бойы өзінің іс-әрекетімен ол әлемді қалыптастырды, өзгертті және түрлендірді. Ол ашқан материалдық және рухани байлық «өркениет» деген атпен жиналып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мұраға айналды. Бұлмұраның сақтаушысы – философия. Философия адам әлемін түсінудегі көшбасшылықрөлін алды, оның басшылығымен өркениеттер дамыды және ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Сол сияқты өркениеттер философиялық ойдың дамуына олардың жинақталуыарқылы өз үлестерін қосты. Ұлы өркениеттер олардың философиясының іргетастыққағидаттарына негізделген.Адам – қоғамдық өмір мен географиялық жағдайлардың әсерінен пайда болған тірі жан.Қоғам мен мәдениетте, қоршаған орта жағдайлары қосылып, қалыптасқан тірі ағза,ой әлемін дамытып, өркениеттер құрды. Философияның пайда болуында осы үш элементтің, адамның, қоғамның және қоршаған орта факторларының әсері өте маңызды.Өркениет тұжырымдамасында қоғамның материалдық және рухани жинақталуы жатыр; мәдениет, өнер және әдебиет негізінен философияның өнімі болып табылады. Бұлекі тұжырымдаманың арасында осы контексте бір-бірінен ажыратылған құрылым бар.Құндылықтар – қоғамның негізі. Кез келген өркениет те осы құндылықтарға негізделеді. Философияның құндылықтарды сақтаудағы және оларды келесі ұрпаққа берудегірөлі өте маңызды.Философия – біздің өміріміздің ең жарқын айнасы. Бұл айна жекеденжалпыға жылжу
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 137, № 4, С. 155-167
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-7255 · 2663-2489 · 3080-1281 · 3080-6895
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University