Шығыс Қазақстан өңірі шаруа қожалықтарын жаппай күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістердің себептері
МақаладаХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындағы Қазақ АКСР-дағы ұжымдастыруға қатысты мемлекеттік саясат пен оның Шығыс Қазақстан өңіріндегі көтерілістердің себептері зерттелген. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар көтерілісінің себептері туралы кеңестік кезең мен кейінгі кезеңдегі тарихнама жетістіктері қарастырылған. Автор зерттеуінде кеңестік кезеңдегі көтерілістердің себептері туралы зерттеулердің бағыт-бағдарымен, оның шынайылығына, әрі, мемлекеттік саясаттың ықпалына баға беріледі. Қазіргі уақыттағы зерттеулердің бағыт-бағдарлары мен оның ерекшеліктері толық талданып, мақсаттары айқын көрсетіледі. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан кейін жарық көрген еңбектерді сараптап, оларды кеңестік кезеңде жарияланбаған, тың мұрағат құжаттары пайдаланып, зерттеу аумағын кеңейтіп, жаңа сападағы тұжырымдар жасаған.Зерттеу барысында ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдарының басындағы жаппай күштеп ұжымдастыруға қарсы бағытталған көтерілістердің саяси-әлеуметтік және экономикалық, мәдени себептері анықталған.Ұжымдастыру саясатының қазіргі Шығыс Қазақстан өңіріндегі көтерілістердің басқа аймақтардағы көтерілістерден айырмашылығы мен ұқсастығы талданған.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 130, № 1, С. 25-34
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2616-7255 · 2663-2489 · 3080-1281 · 3080-6895
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University