Алаш қозғалысы туралы отандық онлайн БАҚ жарияланымдарының визуалды-дискурстық бейнесі: тарихи жадты медиалық конструкциялау
Мақала қазақстандық онлайн ақпарат құралдарында Алаш қозғалысының мультимодальді репрезентациясын және оның тарихи жадыны қалыптастырудағы рөлін қарастырады. Зерттеу мультимодаль-ды-дискурс талдауы әдісіне негізделіп, мәтін, визуал және медиалық композицияның өзара байланысын жүйелі түрде айқындайды. Эмпири-калық дереккөз ретінде 2015-2025 жылдар аралығында Egemen.kz, Abai. kz, Ult.kz, Zanmedia.kz, Anatili.kazgazeta.kz, Qazaqadebieti.kz сайттарында жарияланған 120 журналистік материал іріктеліп алынды. Талдау нәти-жесінде онлайн журналистикада Алаш қозғалысы төрт негізгі репрезен-тация режимі арқылы конструкцияланатыны анықталды: мемлекеттілік, трагедиялық, интеллектуалдық және ғұрыптық-символдық. Аталған режимдер Алаш қозғалысын бір мезгілде ұлттық бірегейліктің бастауы, тарихи қасіреттің символы, зиялылардың жобасы және рухани-мәдени мұра ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. Ұсынылған мультимодальді карта журналистиканың тарихты әртүрлі символдық шеңберлер арқылы қай-та құрастыратынын көрсетеді. Жүргізілген мультимодальды-дискурсты талдау Қазақстандағы қазіргі БАҚ-тың, ұлттық бірегейлік кодының, та-рихи сананың өзара сабақтастығын тереңірек зерделеуге негіз болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 155, № 2, С. 171-185
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-7174 · 2663-2500
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University