Central AsianResearch Index

Кеңестік әскери баспасөздегі патриоттық тәрбие (1960-1990 жж.)

Мақалада баспасөздің әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеуге арналған ғылыми жұмыстарға жан-жақты тоқталып, сараптама жасалды. КеңестікСоциалистік Республикалар Одағында әскери қызметшілермен патриоттық жұмыстарына арналған бұқаралық ақпарат құралдалдарының, соның ішіндегі баспа беттеріндегі отансүйгүштік тәрбиелерге арналған мақалалардың көтерген мәселелері бойыншазерттеген ғалымдардың жұмыстары екшеленді. Кеңес Одағының басшылығы бұқаралықақпарат құралдарына, оның ішінде әскери мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды орын берді. Олардың көмегімен жастардың санасына мақсатты әсеретіліп, бойларына патриоттық қасиеттерді дарытты. Әскери мерзімді баспа, бұқаралық ақпарат құралдары кеңес әскерін патриоттық рухта тәрбиелеу жұмысында орныерекше болды. Әскери журналистика – тәрбие құралдарының құрамдас бөліктерініңбірі ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар әскери баспа беттері бұқаралық ақпаратқұралдарының жиынтығы ретінде халықты әскери өмірдің жаңалығымен хабардарететін құрал ретінде қарастырылады. Сол жылдары ғалымдар мен практиктер арасында патриоттық тәрбие тақырыбына қызығушылық жоғары болды. Бұл мәселегекөптеген зерттеулер арналды.Отан патриоттарын тәрбиелеудің әртүрлі аспектілері бірнеше кандидаттық жәнедокторлық диссертациялардың зерттеу нысанына айналды. Дегенмен, зерттеушілер1960-1990 жылдардағы әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу бойынша әскерибасылымдардың қызметіне тиісті назар аударылмағаны байқалды. Елдің кеңестік дамукезеңінде патриоттық тақырыпты зерттеудің кең ауқымы бар. Осы кезеңдегі әлеуметтік тарихшылардың ғылыми назарының объектісі әскердің жеке құрамын руханижәне саяси тәрбиелеудің негізі ретінде «кеңестік патриотизм» болды. Бүгінгі күні патриоттық тәрбие мәселелеріне арналған жұмыстардың бағыты да айтарлықтай өзгеруде. Зерттеу жұмыстарында жеке тұлға мен қоғамдағы патриотизм мүдделерініңқайшылықтары туралы талдау жасау қажеттігі туындап жатыр.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 139, № 2, С. 95-102
Язык
Казахский
ISSN
2616-7174 · 2663-2500
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University