Интернетті құқықтық тұрғыдан реттеу мәселелері: шетел тәжірибиесі
Бұл мақалада автор қазіргі кезде өзекті болып отырған интернет кеңістігінқұқықтық тұрғыдан реттеу мәселесін көтереді. Бұл сұрақ біздің еліміздің ғана емес,барлық әлемнің құқық қорғаушылары мен БАҚ өкілдерін толғандырып отыр. Мұныңсебептері де салмақты, біріншіден, бұл ұлттық қауіпсіздік, екіншіден, азаматтардыңқұқықтары мен еркіндіктерін қорғау мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Әлемнің дамыған елдерінде интернет кеңістікті заңдық тұрғыдан реттеу тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді және олар ғаламтордың шексіз мүмкіндігін заңсыз әрекететуші күштердің пайдалануына тосқауыл қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін ойластырыпқойған.Біздің елімізде бұл мәселе соңғы екі-үш жылда ғана қоғам тарапынан кеңінен талқыланып, заңдық тұрғыдан реттеудің қатаң шаралары қолға алынып жатыр. Мақала авторы осы бағыттағы шетелдік реттеу шараларын жан-жақты талдай келіп, соныменқатар, олардың озық тәжірибелерін сараптайды. Мәселен, терроризмді насихаттау,бейәдеп сөзбен балағаттау мәселелерін реттеуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі сөз етеді. Осылайша нақты деректер негізінде мәселені салыстыра қарастырып, еліміздегі интернет кеңістікті бақылаудың кемшіліктері мен жетілдірертұстарын ашып көрсетеді.Еліміздегі ақпаратты бұғаттау және оны қайта қалпына келтіру тәртібі ақпараттыңнемесе ақпараттық ресурстың мазмұнына тікелей қатысты. Заңнама бойынша оларжүйеленіп, нақты атап көрсетілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 132, № 3, С. 79-85
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-7174 · 2663-2500
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University