Central AsianResearch Index

7Li ядросының 12С ядросымен серпімді әсерлесуінің эксперименттік нәтижелері мен теориялық талдау жолдарына шолу

7Li + 12C жүйесінің серпімді шашырауы ядроның құрылымын, кластерлік қасиеттерін және реакция механизмдерін зерттеуде маңызды рөл атқарады. Әртүрлі энергия диапазондарында жүргізілген Poling (1972), Schumacher (1973), Vineyard (1984), Katori (1988), Nadasen (1995), Parkar (2007) және Jun (2010) еңбектері осы жүйенің ерекшеліктерін ашып көрсетті: төмен энергияларда кулондық әсер мен параметрлік екіұштылық, орташада – дифракциялық минимумдар мен ыдырау әсері, жоғарыда – бірегей потенциалдар, тосқауыл маңында – қосылу процесі басым. Бұл шолу 7Li серпімді шашырауының энергияға тәуелді әртүрлі механизмдерін жүйелеп, олардың эволюциясын көрсетеді және литийдің астрофизикалық процестердегі рөлін түсіндіруге қосымша үлес қосады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 155, № 2, С. 191-204
Язык
Казахский
ISSN
2616-6836 · 2663-1296
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University