Нанокеуекті алюминий оксиді негізіндегі наноталшықтардың супергидрофильді қасиеттері
берiлген зерттеу жұмысында бiр сатылы электрохимиялық анодтау әдiсi арқылы қымыздыққышқыл электролитiнде алынған супергидрофильдi қасиетке ие, нанокеуектi алюминий оксидiне қарағанда құрылымы өзгеше болатын алюминий оксидi негiзiндегi наноталшықтардың құрылымдық қасиеттерi қарастырылған. Алынғаннаноталшықтардың супергидрофильдiқасиеттерi «Ossila» байланыс бұрышы гониометрi көмегiмен анықталды. Анодтау процесiнiң жүру ұзақтығы анодты оксидтiң наноқұрылымына ғана емес, гидрофильдi қасиетке де әсер ететiнi анықталды. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей анодтау процесiнiң 60 cекунд уақыт көрсеткiшiнде түзiлген наноталшықтардың байланысбұрышы 10 секундта 4,37 ◦ мәнге дейiн төмендеп, супергидрофильдi қасиет көрсететiнi белгiлi болды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 135, № 2, С. 43-48
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6836 · 2663-1296
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University