Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ эксперименттік кешенінің бақылау деректері негізіндегі 2016-2019 жж. ғарыштық сәулелердің вариациялары
бұл мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде (ЕҰУ)құрылған ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешеннiң CARPET қондырғысының қысқаша сипаттамалары және 2016-2019 жылдар кезеңiнде алынған эксперименттiк деректер келтiрiлген. Жер магнитосферасы мен планетааралық ортадағы ғарыштық сәулелер менжағдайлардың тiркелген өзгерiстерiн талдаудың жеке нәтижелерi келтiрiлген. Алынған деректердi түзету үшiн барометрлiк коэффициенттi анықтау әдiсi келтiрiлген. Басқа нейтрондық мониторларда алынған эксперименттiк деректердi өлшеу динамикасы CARPETдетекторымен жүргiзiлген өлшеу деректерiнiң сериясымен жақсы сәйкес келетiнi көрсетiлген.ЕҰУ ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешенiнде үздiксiз мониторинг пен зерттеудiң мақсаты қайталама ғарыштық сәулелер ағындарының вариацияларын зерттеуболып табылады. Бұл жұмыс CARPET детекторының көмегiмен алынған эксперименттiк мәлiметтер күн, планетааралық ортада, сондай-ақ, жер үстi атмосфералық қабатының бетiнде болып жатқан процестер жағдайында ғарыштық сәулелердiң өзгеру қасиеттерiн әртүрлi уақыт аралықтарында зерттеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсеттi. Жұмыс шеңберiндеекiншi реттi ғарыштық сәулелер вариацияларының кең уақыттық спектрi – қысқа мерзiмдi (форбуш-эффект, күн әсерлерi және т.б.), ұзақ мерзiмдi зерттелдi. Сәулелену өрiстерiнiң сандық сипаттамалары және алынған мәлiметтердi түсiндiру мүмкiндiгi алынды. Жұмыс барысында алынған зарядталған бөлшектердiң ағындары туралы бiрқатар мәлiметтердi ғарыш сәулелерiнiң магнитосфералық және атмосфералық процестерге модуляциясы мен әсерiне байланысты есептердi шешуде қолдануға болады. CARPET детекторының көмегiменалынған деректер және эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi ұзақ мерзiмдi перспективаға зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi және екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарыныңжалпы әлемдiк деректер банкiн толықтырады.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 133, № 4, С. 79-85
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2616-6836 · 2663-1296
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University