KXCu2-XS суперионды қорытпаларының электрлік және жылулық қасиеттері
жұмыста K x Cu 2−x S (x=0.1, 0.2, 0.25) қорытпа үлгiлерiнiң 30-дан 420 ◦ С-қа дейiнгi температура аралығындағы жылу өткiзгiштiк коэффициентi, жылу-электр қозғаушы күшi және фазалық талдау нәтижелерi мен эксперименттiк зерттеулерi ұсынылып, талқыланады. Рентгендiк фазалық талдау нәтижелерi бойынша қорытпалы мыс сульфидiнiң әртүрлi фазаларының қоспасы болып табылады: Cu 1.84 S кубтық FM-3m фазасы, Cu 2 S кубтық FM-3m фазасы, Cu 17 S 9 ромбоэдрлiк R-3m фазасы және Cu 2 S метастабильдiтетрагональдi P4 3 2 1 2 фазасы. Дифференциалды сканерлеу термометриясында ромбоэдрлiк және тетрагональдi фазалардан мыс сульфидiнiң алтыбұрышты фазасына фазалық ауысудан туындаған 84-тен 102 ◦ С -қа дейiнгi эндотермиялық ең жоғарғы шегi көрсетiлген. 300 ◦ С -тан жоғары температурада K 0.2 Cu 1.8 S құрамы үшiн термоэлектрлiк қозғаушы күшкоэффициентiнiң қарқынды өсуi (4 мВ/к дейiн) және жылу өткiзгiштiктiң төмендеуi (0.87- ден 0.4 Вт/м·К дейiн) байқалды, бұл 380 ◦ С кезiнде өлшемсiз термоэлектрлiк тиiмдiлiктiң ZT=3.5 өте жоғары мәнiне әкеледi.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 133, № 4, С. 39-48
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6836 · 2663-1296
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University