(1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiнiң нақты шешiмдерi
Бұл мақалада бiз (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiн қарастырамыз. (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуi керi шашырау әдiсi арқылы интегралданатыды. Осы теңдеуге Дарбу түрлендiруi пайдаланылған. Сондай-ақ, осы (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiнiң бiрреттiк, екiреттiк және n -реттiк Дарбу түрлендiрулерi детерминанттық көрнiстерi алынған. Бұл жұмыста осы теңдеудiң нақты шешiмдерiн құрамыз. Жоғарыда көрсетiлген нәтижелердiпайдалана отырып, осы теңдеудiң басқа да солитондық және солитон тәрiздi (солитон тәрiздi: динамикалық және топологиялық солитондар, периодтық, домендiк кедергiлер, кинктер, ламптар, ашық және күңгiрт солитондар, ашық және күңгiрт қиратушы толқындар, ашық және күңгiрт позитондар және т.б.) шешiмдерiн құруға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 122, № 1, С. 58-63
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-6836 · 2663-1296
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University