САКРАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАУ: МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Мақалада мифтік танымдағы таудың сакралды қызметі қарастырылды. Таудың мифологиядағы негізгі қызметі «жердің кіндігін» белгілеп, жерасты, жерүсті және аспан әлемінің өзіндік пішінін қалыптастырды. Таудың үш әлемдегі үйлесімділік заңын вертикалды сақтаушы ретіндегі рөлі тек қасиетті ұғымымен ғана түсіндірілмей, космогониялық мифологияда жер кіндігін белгілейтін өмір ағашы сияқты әмбебап элемент ретінде талдау нысанына алынды. Таудың көркем санадағы «жердің кіндігі», үш әлемді байланыстырушы кеңістік сынды рөлі талданды. Қытай, үнді, тибет, кавказ халықтарының мифтік баяндары мен фольклор туындыларындағы бейнесі салыстырылып, ортақ қызметі көрсетілді. Тақырыпты зерттеу барысында түркі-монғол, алтай халықтарының фольклорындағы тау культі қарастырылды. Ульгень, Эрлик, Уч Курбустан, Бурхан сияқты сакралды сипаттағы бейнелер арқылы Алтай тауының космогониялық мифтердегі мәні ашылды. Алтай – бірнеше ежелгі өркениеттің бастауы әрі әртүрлі дүниетаным қатар қалыптасқан ілкі төр. Бұл сакралды кеңістік көне сенімнен бастап, кейіннен қалыптасып орныққан діни көзқарастардың тоғысқан орны. Сондықтан Алтайдағы Мұзтау, Уч-Сюре, Шамбаланың қақпасы сынды киелі орындардың буддалық және шамандық дүниетанымдағы орны мен байланысы да қарастырылды. Сондай-ақ Бурхан-Халдун, Қазығұрт, Арарат, Синай, Парнас сынды киелі таулар салыстырмалы-типологиялық тұрғыда талданды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 156, № 3, С. 202-215
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University