Central AsianResearch Index

Ясауи шығармалары мен сопылық ағымы қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің негізі ретінде

Қожа Ахмет Яссауи – ортағасырлық түркі әлемінің әйгілі сопысы және исламдық мистицизмнің көрнекті өкілі. Оның шығармалары мен сопылық ағымы қазіргі қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің қалыптасуында ерекше орын алады. Яссауидің ілімі мен шығармашылық мұрасы тек діни емес, сонымен қатар түркі дүниесінің әдеби және мәдени аспектілерінде де үлкен әсер қалдырды. Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметтер» аттышығармалары оның философиялық, діни және моральдық ойларының көрінісі болып табылады. Хикметтер – адамның рухани және моральдық жетілуіне бағытталған өлеңдер мен өсиеттер жинағы. Бұл шығармалар қазақ әдебиетінің қалыптасуына негіз болды, себебі оларда халықтық даналық пен философиялық тұжырымдар қазақтың рухани құндылықтарына ықпал етті. Яссауидің сопылық ілімі адамды Аллаға жақындату, рухани тазалыққа жету жолдарын көрсетеді. Оның ойлары мен тәжірибелері қазақтың діни танымында терең із қалдырды. Сопылық ілімнің негіздері қазақтың рухани өмірінде және әдебиетінде үлкен орын алады. Ясауидің шығармаларындағы тіл мен стиль қазақ әдеби тілінің қалыптасуына әсеретті. Оның өлеңдері мен тұжырымдары халықтың күнделікті тілінде, салт-дәстүрлерінде терең із қалдырды. Әдеби тілдің байлығы мен көркемдігі, Ясауидің шығармаларындағы тақырыптар мен мазмұндардың көптігі арқылы дамыды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 148, № 3, С. 184-194
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University