А. Сүлейменовтің «Бесатар» шығармасындағы еліктеу сөздер
Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Асқар Сүлейменов – қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қаламгердің шығармалары өзгеше поэтикалық стилімен, айшықты тілімен ерекшеленеді. «Бесатар» аттышығармасы идеялық жаңалығы, ұлттық танымға деген жаңаша көзқарасы,поэтикалық тілі, стильдік ерекшелігі тұрғысынан қазақ әдебиетінде өзіндікорны бар шығарма. «Бесатарда» қолданылған еліктеу сөздердің көптігі соншашығарманың поэтикалық тілі мен эмоциялық бояуын қанық қылу барысындаавтордың бұл сөздерді мақсатты түрде қолданғанын байқау қиынға түспейді.Бұл мақалада Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» атты шығармасында қолданылғанеліктеу сөздер «Имитативтер теориясы» тұрғысынан талданып, жаңа түрдетоптастырылады. Қазіргі түркі тілдеріндегі имитатив сөздер мен қазақ тіліндегіимитатив сөздерді салыстыра отырып зерттеу арқылы шығармадағы түркітілдеріне ортақ еліктеу сөздер жеке-жеке көрсетіледі.Жинақталған еліктеу сөздер жасалу жолына қарай еліктеуіштер және бейнелеуіштер, еліктеу сөз+көмекші етістік қолданылысы, түс атауларынан жасалған еліктеу сөздер түрінде топтастырылды. Еліктеуіштер мен бейнелеуіштер құрамына қарай дара және күрделі болып, ал құрылымдық даму аясына қарай жалаң түрде қолданылғандар, зат есімнің құрамында қолданылғандар, сынесімнің құрамында қолданылғандар және етістіктің құрамында қолданылғандартүрінде жинақталып, талданды. Түркі тілдеріне ортақ еліктеу сөздер мен текқазақ тілінде кездесетін еліктеу сөздер екі топта көрсетілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 147, № 2, С. 127-137
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University