Central AsianResearch Index

Қазіргі қазақ тіліндегі будан атаулардың тілдік ерекшеліктері

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы, ойлау құралы ретінде өзіндіктарихи жолды басынан өткеретіні белгілі, бірақ сонымен бірге оның басқа шеттілдерінің көмегімен қалыптасып, байып отырғаны және тілге енуі маңыздыфакт болып табылады. Мақаланың негізгі мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі гибридаталымдардың тілдік сипатын қарастыру, оларға жалпы түсінік беру, гибридаталымдардың тілде пайда болу себептерін, жолдарын дәйектеу, пайда болуыныңерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау. Осы мақсатқа байланысты төмендегіміндеттер орындалады: қазіргі қазақ тіліндегі гибрид аталым жасау модельдерінанықтау, морфологиялық құрылымына және сөзжасамдық модельдерді жүзегеасыру ерекшеліктерін есепке ала отырып, гибрид аталымдардың құрылымдықсемантикалық сипаттамасының негіздемесін жасау және қазақ тіліндегі гибридаталымдардың классификациясын жасау. Қазіргі кезде будан сөздер тілімізде кеңіненқоланылып жүр, әсіресе еліміз тәуелсіздік алған соң аталған сөздердің саны күрт өсті.Аталған терминдердің тілімізде қолданыста көбеюінің себебін анықтап, будантерминдердің жасалуын, олардың функционалдық және семантикалық ерекшеліктерінайқындау зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.Зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындыларын болашақта жүргізілетінғылыми ізденістерге негіз бола алады, сонымен қатар зерттеу материалдары қазақтіліне енген будан сөздер сөздігін даярлауда әдістемелік көмекші құрал бола алады

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 143, № 2, С. 87-94
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University