Central AsianResearch Index

Елдес Омарұлының емле туралы көзқарастары

Мақалада ХХ ғасыр басындағы көрнекті алаш қайраткері, ғалым, талантты лингвист, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Елдес Омарұлының қазақ жазуы тақырыбындағы еңбектері талданады. Ғалымның ХХ ғасырдың 20-30 жылдар аралығында қазақ емлесінің күрделі мәселелеріне арналған мақалалары толық жинақталып, онда көтерілген жазу принциптері, ауызша тіл мен жазудың арақатынасы, әріптердің емлесі, түбір мен қосымшалардың емлесі, бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесі, интонация мен екпіннің жазумен байланысы, ономастикалық атаулардың жазылуы, терминдердің жазылуы сияқты қазақ жазуындағы ең өзекті тақырыптар туралы тұжырымдары толық талданады. Сондай-ақ ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен емле тақырыбы аясындағы ғылыми сабақтастығы мен өзіндік тың ізденістері салыстырыла талданып, қазақ емлесінің дамуына қосқан үлесі, бүгінге дейін қолданылып келе жатқан, бірақ ғылыми көпшілік біле бермейтін, оның есімімен байланысты емле ережелері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. Бұл талдаулардың нәтижесінде бүгінгі таңдағы әліпби реформасы қарсаңында туындаған қазақ емлесінің түйткілді мәселелеріне ғалым еңбектерінен ғылыми дәйектемелер ұсынылады.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 140, № 3, С. 41-56
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University