Central AsianResearch Index

Қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамы

Мақалада қазіргі қазақ ауызекі немесе жазба тілінің грамматикалық,стильдік, этикалық нормадан қол үзіп, жасанды, аударма қазақ тілі болып баражатқаны өзекті мәселе ретінде қойылады. Мәселені шешу үшін сөзсаптам ұғымтермині ұсынылады. Сөзсаптамды қазақ сөз өнерінің басты категориясы ретінде алып,бұл терминнің «стиль» және «норма» терминдерінен айырмашылықтары көрсетіледі.Сөзсаптам категориясын анықтаудағы А.Байтұрсынұлы пікірінің және Р.Сыздықкөзқарасының ғылымилығы дәйектеледі. Сөзсаптам – сөз өнерінің бірлігі, стиль –стилистиканың бірлігі, стиль негізінен тарихи сипатты, қоғаммен, әлеуметпен біргеөзгеріп, нормаларынан айнып отыратыны, тұрақсыз, құбылмалы екені, сөзсаптамтілдіортадан жоғары деңгейде білетін тұтынушыларға міндетті, барлық стиль түрлеріненегіз болатын норма екені айтылады. Сөздің тыңдаушы мен оқушыға әсер ететіндейжетуі үшін сөзсаптамзаңдылықтарын, нормасын білу қажеттілігі айтылады.Сөзсаптам нормасы қазіргі қазақ сөзінде жоғалып бара жатқандықтан оны дәстүрлі сөзсаптау нормасынан іздеу қажеттігі қойылады. Сөзсаптам біреуге бір нәрсе туралымазмұнды сөз айтам деген сөз алушының ой жүйесі, коммуникация этикасы, тілқисыны өзара келіскен, сөз бастауы мен сөз аяқтауы тең, ой, не пікірін орынды қойып,мәселені айқындап бере алатын, мәтіннің тұтас эстетикасы мен экспрессиясы,көркемдігі келіскен жүйелі сөз деп анықталады. Сөзсаптам – қазақ сөз өнерінің бастыкатегориясы. Негізгі бірліктері – мәтін және абзац. Көптің алдында айтылған ауызшашаршысөзде сөз тіркестері мен сөйлемдердің ерекше стильде болуы емес, ойдың, яғнимәтіннің нормаға сай және қисынды болуы маңызды.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 138, № 1, С. 8-18
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University