Central AsianResearch Index

Абай өңірі топонимдерінің этимологиялық ерекшеліктері

Қазіргі таңда топонимика саласы географиялық атауларды этимология,лингвистика, тарих және география тұрғысынан зерттеп, белгілі бір халықтың өткентарихынан мол ақпарат беретін интегралды ғылымға айналып отыр. Яғни,топонимикалық бірлікті талдау кезінде географиялық атаудың шығу тегіне, жасына,тарихына және грамматикалық құрылымына назар аударылады. Топонимдердіңграмматикалық құрылымына сәйкес, басқа тілдік бірліктер сияқты, қалыптасупроцесінде тілдің фонетикалық, морфологиялық және сөзжасамдық ережелерінұстанады. Сөзжасамдық құрылым тұрғысынан оларды «қарапайым», «туынды» және«күрделі» деп үш түрлі құрылымдарға бөлуге болады. Топонимдік атаулар қарапайымхалықтың күнделікті тұрмысының, тарихи әлеуметтік, лингво-мәдениаспектілерінің бейнесі ретінде қарастырылатындықтан, халықтың күнделіктіөмірімен астасып жақтан өңірдегі тарихи оқиғалар, тарихта орын алған тұлғалар,өңірдің географиялық ерекшелігі топоним жасаушы негізгі белгілер ретінде танылады.Мақалада Абай өңірі топонимдерінің шығу тарихы этимологиялық аспектідеқарастырылып, сөзжасамдық, типологиялық құрылымдары, лексика-семантикалықерекшеліктері, даму динамикасы, ұқсастықтары салыстырылады. Абай өңірітопонимикалық жүйесінде этнонимдердің, ру-тайпа атауларының, тарихи тұлғааттарының, аңыздық кейіпкерлер есімдерінің көптеп кездесуі назарымызды аударып,өңір топонимикасын тарихи аспектіде зерделеуге түркі болды. Мақаланы зерттеудегібасты мақсат Абай өңірі топонимдерін тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеп,олардың шығу тарихын жүйелеу.

Сведения

Опубликовано
2022 · Т. 138, № 1, С. 71-78
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University