Латын графикасына негізделген қазақ жазуы: орфография және орфоэпия
Мақалада латын графикасына негізделген қазақ жазуының мәселелеріқарастырылады. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруге байланысты жұмыстарүкімет тарапынан, тілші-мамандар тарапынан жүргізіліп, ғалымдардың көп жылдықзерттеулерінің нәтижесінде әліпбидің жетілдірілген нұсқасы ұсынылған болатын. Осыорайда мақалада латын графикалы қазақ әліпбиінің қазіргі таңдағы қажеттілігі, сондайақ латын графикасына негізделген 31 әріптен тұратын жетілдірілген әліпбинұсқасының ерекшеліктері мен оның жазудағы көрінісі сөз болады. Әсіресе қазіргіәліпбидегі диакритикалық таңбалардың, яғни умлаут, бревис, макрон, седиль, тильдатаңбаларының қолданылуы сипатталып беріледі. Әрбір диакритикалық белгілердіңтаңбалануындағы көрінісі сипатталып, маңыздылығы айқындалады. Сондай-ақмақалада емле ережелері, орфография мен орфоэпия мәселелері, шеттілдік терминдердіңорфограммасы жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі күрделідыбыстардың қатарына жататын и мен у-дың таңбалануына қатысты ерекшеліктерімен ережедегі берілу жолдары жан-жақты ашылып көрсетіледі.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 138, № 1, С. 40-47
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University