Әлемдік фольклортанудағы «перфоманс» (performance) теориясы және оның түркі фольклорындағы көрінісі
ХХ ғасыр басынан бері фольклорлық мәтінді талдауға қатысты әртүрлікөзқарас қалыптасып, зерттеудің де түрлі әдісі ұсынылды. Солардың бірі ретінде«Перфоманс» (Performance) теориясы 1970 жылдан бері әлемнің фольклортанушығалымдары арасында кеңінен талқылап келе жатыр. «Перфоманс» сөзі термин ретіндесахнада немесе көпшілік алдында орындалған фольклорлық туындыға қатыстықолданылады. Халық ауыз әдебиеті зерттеулерінде әуелде тың пікірлер айтылғаныменоларды кешенді түрде саралап, теория ретінде ғылыми ортаға ұсынған Америка ғалымыДан Бен-Амос болатын. Ол фольклорлық мәтінге оны айтушының кәсіби шеберлігі,орындаған сәтіндегі шабыты және тыңдарманның қошеметі тікелей әсер ететініндәлелдейді. Сондықтан, фольклорлық мәтінді айтушысымен және тыңдарманыменбірге, яғни айтушы-тыңдарман-мәтін үштігі аясында зерделеуді ұсынады. Бұл теория1970 жылдан бері Америкада, Түркияда және Еуропа елдерінде ғылыми зерттеулерменқатар, білім беру бағдарламаларында қолданылып келеді. Мұндай мазмұндағызерттеулер қазақ фольклортануында болғанымен әлемдік үдеріспен байланыстыңтығыз еместігі байқалады. Қазақ фольклоры бүгінгі жаңа гуманитарлық білім аясындаәлемдік тәжірибеге сай жаңаша саралауды қажет етеді. Сондықтан, мақалада«Перфоманс» теориясы талдана отырып, қазақ фольклорымен байланысы зерделенеді.Халық ауыз әдебиетінің түрі – айтыс пен жыршылық дәстүрден мысал келтіріліп,теорияның түркі фольклорындағы орны көрсетіледі
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 138, № 1, С. 135-143
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University