Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуеті (сандық және сапалық көрсеткіштерді талдау)
Мақалада қазақ тілі терминологиялық қорының негізін құрайтын 2014 жылғы30 томдық терминологиялық сөздіктер топтамасының қазақша-орысша және орысшақазақша нұсқаларында қамтылған терминдердің сандық көрсеткішінің дәлме-дәл сәйкескелмейтіндігі анықталды және оған әсер ететін факторлар көрсетілді.Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуетін оның сапалық көрсеткіші тұрғысынананықтау үшін сөздіктер топтамасының қазақша-орысша бөлігіндегі қазақ тіліндегібағандағы терминдердің құрамы, атап айтқанда: а) қазақ тіліндегі; ә) орыс тілі арқылышет тілдерінен енген; б) орыс тілінен енген; д) гибрид терминдердің саны анықталды.Қазақ тілінің терминологиялық қорын құрайтын терминдер төмендегішетоптастырылды: орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, орыс тілінің заңдылығына сайқолданылған терминдер; орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, қазақ тілінің заңдылығына сайқолданылған терминдер; кейбір еуропа тілдерінен орыс тілі арқылы еніп, орыс және қазақтілінің заңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тіліне түркі тілдерінен еніп, қазақтілінің заңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп, орыс тілініңзаңдылығына сай қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп, қазақ тілінің заңдылығынасай қолданылған терминдер; орыс тіліне еуропа тілдерінен еніп, орыс тілінің заңдылығынасай және қазақ тіліндегі баламасы (баламалары) қолданылған терминдер; орыс тілінен еніп,орыс тілінің заңдылығына сай және қазақ тіліндегі баламалары қолданылған терминдер.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 136, № 3, С. 50-62
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University