Central AsianResearch Index

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасындағы «сүбашы» (әскербасы) бейнесі

Мақалада Қарахан дәуірі әдеби мұрасы Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінде жырланған «сүбашы» яғни әскербасы бейнесі қарастырылады. Көркем шығармадаәскербасының образы Күнтуды мен Өгдүлміштің сұхбаты арқылы берілген. Оны ашыпкөсерту үшін «Құтадғу біліктің» Р.Р.Арат жасаған латын графикасындағы транскрипциясы мен қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы негізге алынады. Зерттеу барысында320-дан астам бәйітке талдау жасала отырып, негізгі төрт мәселе айқындалады. Біріншіден, шығармаға арқау болған әскербасының болмысы, кескін келбеті, қарым-қабілеті,яғни типтік бейнесі ашып көрсетіледі. Екіншіден, Қарахандар мемлекетіндегі әскербасының қандай болғаны және ол қызметтің маңызы дәлелденеді. Үшіншіден, әскербасының қосын басқару әдісі мен жорық тәсілдері және жалпы ел билеудегі ұстанымы сараланады. Төртіншіден, орта ғасыр әдебиетіндегі образ түзу әдісі қандай деңгейде екенізерделенеді. Жүсіп Баласағұн сомдаған «сүбашы» бейнесі орта ғасыр тарихын бағамдауғанегіз бола алады.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 135, № 2, С. 64-74
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University