Central AsianResearch Index

Қазақ тойының түрлері мен қызметіне этносемантикалық талдау

Той жасаудың шығутөркіні құрбандық шалып, ата-баба аруағынан қолдаусұрау, сол арқылы аруақтардың, тылсым күштердің зиянды әрекеттерінен сақтануқажеттігі жөніндегі байырғы ұғым-түсініктерге байланысты. Қазақ тұрмысында шілдехана, бесік той, сүндет той, тәрізді басты орын алатын тойлар мен қыз ұзатуға,үйлендіруге қатысты маңызды тойлар, сондай-ақ сабан той, қымызмұрындық, биеағыту, күйек алу, қырман қандау, шашыратқы беру сияқты іс-шаралар да қауым болып, ұжымдасып атқаратын шаруашылық циклына қатысты үлкенді-кішілі іс-шараларға жатады. Көбінесе жаз жайлауда өткізілетін тойға алдын-ала хабаршы жіберіліп,әнші-күйші, ақындар, балуандар шақырылады, бәйге жарияланады, көкпар тартылады,қыз қуу, теңге ілу (күміс алу), жамбы ату, жорға салу тәрізді ойындар, бәсекежарыстарұйымдастырылады. Мақалада байырғы уақытта өткізілетін тойлар мен қазіргі кездегітойлардың мәдени-әлеуметтік ерекшеліктеріне этносемантикалық талдау жасалады

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 135, № 2, С. 32-39
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University