Мәриям Хакімжанованың поэзиясындағы «әйел» концептісі
Қазақ қоғамында бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткенәйел қауымының орны әрқашан ерекше. Өмірде ер адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болатын әйелдер қауымының өмірі сан қилы. Әрбір әйел бір үйдің инабаттыкеліні, аяулы анасы, ардақты апасы, асыл әжесі. Сондықтан әйел тақырыбы – мәңгіліктақырыптардың бірі. Әсіресе, көркем туындыларда сипатталатын әйел бейнесі, тағдыры, мұңы, сезімдері көптеген шығармаға арқау болған. Ақын-жазушыларымыз әйелдімүсіндеп, сипатын бейнелегенде ұлттық әдет-ғұрыптық ерекшеліктермен бірге руханидүниенің сырларын, ұлттық таным, болмыс, тәлім-тәрбие ерекшеліктерін ұмытқанемес. Зерттеу нысанасына алынып отырған Мәриям Хакімжанова шығармаларындада «әйел» концептісін айшықтайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымға сайберілгені аңғарылады. Сонымен қатар, «Әйел» лексемасы сөз болған жерде, әйел – сұлулық, әйел – сүйікті жар, әйел – ана баламалары қабаттасып, сабақтасып жатуы заңды.Мақалада осы аталған баламаларға М. Хакімжанова шығармалары негізінде тоқталатын боламыз
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 134, № 1, С. 8-15
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University