Central AsianResearch Index

Тілдік тұлғаны қалыптастырудағы мәтіннің рөлі

Мақалада оқушының тілдік тұлғасы қарастырылады. Оқушыны тілдіктұлға ретінде қалыптастыру үшін мәтіннің қызметі, оның мазмұны мен қолданысыайтылады. Сонымен қатар, оқушының тілдік тұлғасының лексикалық ерекшелігі де сөзболады. Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің оқушының рухани жағынан дамуынажәне тұлға ретінде қалыптасуына әсері де мақалада қамтылады. Себебі зерттеулеркөрсетіп отырғанындай тілдік тұлға қалыптасуының негізі баланың мектепте оқыпжүрген кезеңінде қаланады. Сондықтан бастауыш сыныпта да, жоғарғы сыныптарда даоқушының тілдік тұлғасын қалыптастыруда оқулықтар мәтінінің алатын орны айрықша. Сабақ барысында мұғалім осы мәтіндерді негізге алады. Оқушы да пән мазмұнына қатысты негізгі мәліметтермен оқулық мәтіні арқылы танысады. Ендеше, оқушының тілдік тұлғасының қалыптасуында оқулық мәтіні өте маңызды рөл атқарады.Тілдік тұлға туралы айтылған зерттеулерді негізге ала отырып, оқушыларды тілдіктұлға ретінде қалыптастырудың маңызы қандай деген мәселе қарастырылды.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 134, № 1, С. 70-75
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University