Central AsianResearch Index

Мәтіндегі ретроспекцияның көріну тәсілдері

Мақалада мәтін ішіндегі ретроспекция амалының қолданылу сипатымен оның көріну жолдары баяндалды. Ретроспекция амалына қатысты әдебиеттанудағы, тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасалды. Аталған көркемдік тәсілдің мәтін ішіндегі орны, композициялық-құрылымдық сипаты қарастырылады.Сонымен қатар, ақындар шығармаларына шолу жасалып, қазақ поэзиясындағыретроспекцияның берілу жолдарына назар аударылды. Әр қаламгердің шығармашылығындағы ретроспекция құбылысының берілу ерекшеліктері сараланды.Зерттеушілер пікірін саралай келе, ретроспекция ұғымына түсініктеме берілді.Жалпы ғылымда және әдебиеттанудағы ретроспекция құбылысының алатын орныекшелді. Әдебиеттану тұрғысынан мысалдар арқылы талдаулар жасалып, қазақәдебиетіндегі, оның ішіндегі, қазақ поэзиясында ретроспекция құбылысының рөлізор екендігі нақтыланды. Ретроспекция құбылысының автор тарапынан оқырманға беретін көркемдікпен қатар эстетикалық мәні бар екені көрсетілді.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 134, № 1, С. 52-57
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University