Central AsianResearch Index

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасын құрылымдық талдау

Мақалада Қарахандар дәуірі әдеби жәдігерлерінің бірі, 1069 жылы жазылғанЖүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі талданады. Аталған туындыны танудаорын алып жатқан кейбір қателіктер көрсетіліп, оны қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы саласында жаңаша зерделеу қажет екенін мәселе етіп көтереді. Зерттеуде Р.Р. Аратжасаған «Құтадғу біліктің» толық нұсқасы негізге алынады. Толық мәтін беске бөліпқарастырылып, әр бөлімі жеке-жеке талданады. Нәтижесінде, қай мәтіннің Жүсіп Баласағұнға тиесілі немесе тиесілі емес екені анықталады және әр бөлім жалпы кітаптыңқанша пайызын құрайтыны нақты сандармен беріледі. Талдау нәтижелері Р.Р. Арат, Р.Данкоф, А. Ділашар, Ә. Құрышжанов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев сындыәлемдік және отандық ғалымдардың тұжырымдарымен дәйектеледі. Көркем шығармағажасалған құрылымдық талдау ондағы басты идеяны, Жүсіптің айтпақ ойын көрсетугенегіз болады. Зерттеуде алынған нәтижелер «Құтадғу білікті» тануда маңызды.

Сведения

Опубликовано
2021 · Т. 134, № 1, С. 44-51
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University