Жанат Әскербекқызы поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Мақалада 1990 жылдары қазақ поэзиясына келген талантты топтыңішінде өз орны айқындалған, шығармашылығы қалыптасқан, жеке-дара қолтаңбасы бар Жанат Әскербекқызы поэзиясы ғылыми тұрғыда талданған. Автор ақынныңсөз өнеріне қосқан үлесін, әкелген жаңалығын пайымдау үшін әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгіне отырып, оның идеялық және көркемдік дүниесіндегі ерекшеліктерді (тілі, стилі, т.б.) ашып көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды биік тұтқан, әрі эстетикалық талғамға сай туындыларына объективті бағаберуге ұмтылады. Мысалы, ақын поэзиясының Оралхан Бөкейдің романтикалықпрозасымен үндестігі салыстырыла дәйектелген, өлеңдеріндегі символдық бейнелер байыпталған. Лирикалық иірімдерден бөлек, Ж. Әскербекқызы жырларындажиі ұшырасатын отансүйгіштік сарын нақты мысалдар негізінде зерделенген, сондай-ақ, өлеңдерінің өрнегіне өрілген мифологиялық және фольклорлық элементтердің поэтикалық сыр-сипаты тиісінше сараланған.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · Т. 134, № 1, С. 37-43
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University