Central AsianResearch Index

«Бөрітастаған» топонимінің этномәдени негізі

Мақалада ономастиканың бір тармағы саналатын топонимика туралытұжырымдар негізге алына отырып, мекен атауы тіл білімі, фольклортану аспектісіндеқарастырылады. Топонимнің тек лингвистикаға ғана емес, фольклортану, әдебиеттануғылымдарында да қолданылатыны ескеріліп, осы бағыттағы тұжырымдар жүйеленеді.Белгілі бір нысанның болмысын танытып, мәнін ашатын топонимдердің фольклортуындылары құрылымында көрінуі мысалдар арқылы талданады. Топонимикалықаңыздар мен тарихи-мекендік әпсаналар арасындағы ұқсастық – екеуінде де мекен атауларына қатысты мотивтер тән екендігі айтылады. Басты талдау «Бөрітастаған»атауы төңірегінде өрбіп, бұл атаудың тілдік, танымдық сипаттарын, ұлттық мәдени негізін ғылыми пікір-тұжырымдарға сүйене отырып, таныту мақсат етіледі. Аңыз,әпсана мотивтері салыстырылып, көне ғұн дәуіріндегі дүниетаным белгілі ғалымдардыңпікірлері арқылы зерделенеді. Ұлттық мәдени танымдағы «бөрі», «көк» ұғымдарыныңбайланысына қатысты тұжырымдар да талдау барысында жан-жақты қамтылады.Түркі дәуіріндегі бөрі тотемінің маңызы ескеріле отырып, «Бөрітастаған» аңызы топонимикалық фольклордың бірегей үлгісі деген қорытынды жасалады.

Сведения

Опубликовано
2020 · Т. 133, № 4, С. 24-31
Язык
Казахский
ISSN
2616-678X · 2663-1288
Издатель
L. N. Gumilyov Eurasian National University