Кенесары қозғалысына байланысты киелі жерлер
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлт жадының тұғырнамасы және жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шартыретінде ұлттық кодты сақтай білу туралы нақты айтты: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» [1].Қазір мемлекеттік бағдарламаның аясында, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиеттінысандары» атты мәдени-тарихи зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Ел мен жердің, ұлттық дүниетаным, діни болмыс, салт-сана, халықтың қаһармандықжолы, рухани өмірбаянын айқара ашатын бұл жоба мемлекеттік мүддені нығайтып,өткен мен болашақтың үйлесімі үшін аса қажет.Мақаланың нысаны – Кенесары қозғалысына байланысты киелі жерлерге қатысты тарихи деректерді шолу арқылы елдік рух жолында өмірін қиған қаһарман тұлғаны танитүсу. Қасиет қонған тұлға арқылы елдік мүддені ұлықтау. Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Патша үкіметінің 1822-1824жылдары Орта жүз бен Кіші жүзде енгізген басқару ережелері қазақ ұлтының дәстүрлі басқару және құқық жүйесін жойып, оның орнына округтық және шекаралық орысбасқару мекемелерін ашты. Келімсектер қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып,қазақ даласының әр өңіріне әскери бекіністерін сала бастады. Отарлаушылық езгіге, бөтенге бағынышты бодандыққа қарсы көтеріліп, Тәуелсіздікті аңсаған Кенесары сұлтанжүріп өткен жерлер Қазақстанның көп өңірлерін қамтиды. Тарихи жадын ұмытпағанхалықтардың өміршеңдігі заңды құбылыс.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · Т. 133, № 4, С. 16-23
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2616-678X · 2663-1288
- Издатель
- L. N. Gumilyov Eurasian National University